
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қыркүйек айының 23-25 аралығында Астанада Жамбыл облысының күндері өтеді. Осыған байланысты бірқатар мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Онда «Қазақстанда жасалған» деген атаумен өңір шаруаларының өнімдері жәрмеңкеге шығарылады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық мұражайында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ұйымдастырылады. Облыстық қазақ драма театры облыстың Астанадағы күндерінде М.Әуезовтің «Қилы заман» тарихи драмасы мен «Еңлік-Кебек» трагедиялық қойылымдарын Елорда жұртшылығының назарына ұсынбақ. Бұдан өзге облыстық орыс драма театры С.Маршактың балаларға арналған «Мысықтың үйі» ертегісін, Ф.Булякованың «Кемпірлер тұрмысқа шыққанда» комедиялық қойылымы мен «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» театрландырылған қойылымын қоюды жоспарлап отыр. Бейбітшілік және Келісім Сарайында «Ұлы Дала – Ұлысым» атты гала-концертінен соң, Астанадағы облысымыздың мәдениет күндерінің жабылу салтанаты өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтардың еңбектері еленді
- 24 мамыр, 2025
«Жалғызқара»: тарих, тағдыр, тауқымет
- 24 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді