Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында алғаш рет робототехника оқу-зертханасы ашылды. «Робототехника», «Мектептегі робототехника» дәрісханалары 50 дана Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған. Бұдан былай институттың физика-математика факультетінде студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Информатика және есептеу техникасы», «Математика және математиканы оқыту әдістемесі», «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедраларында «Электротехника», «Радиотехника», «Электроника негіздері» және «Мектептегі робототехника» оқу-зертханалары жұмыс істейді. Факультеттің орта және арнайы мектептердегі информатика пәні мұғалімдерінің робототехника, электроника негіздері мен радиотехника пәндері бойынша біліктілігін көтеруге арналған материалдық және ресурстық база орталығы ашылып отыр. Осылайша, «Marwin» брендімен жеткізілген робот жасауға арналған жиынтықтар арқылы студенттерге теория мен тәжірибені ұштастырып, заманауи құралды терең меңгеруге жол ашылмақ.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




