Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Польша мемлекетіне барған сапарында Варшавада оқитын қазақ жастарымен кездескенін теледидардан көрдік. Іштей марқайып қалдық. Шетелде білім алып жатқан жастарымызға қамқорлық танытқан Президентке шексіз ризашылығымызды білдірдік. Балам дейтін елі барда, ұрпағымыз елдік ұғымды саналарына түйіп өсеріне сенімім кәміл. Мемлекетіміз білім саласын дамытуға баса көңіл бөлуде. Осы арқылы ел болашағын қамдап, өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсетіп отыр. Біз оны айқын сезініп отырмыз. Себебі, Елбасының «Болашақ» бағдарламасы бойынша білімін тереңдетіп, шетелде оқып жатқандардың ішінде немерем Диана Мәдібекова да бар. Ол Варшава университетінің магистратурасында оқиды. Варшавада Елбасымен жүздескен жастардың арасынан қызымызды көріп, әжесі екеуміздің қуанғанымыздан көзімізге еріксіз жас үйірілді. Немереміз Диана биыл ғана Астанадағы гуманитарлық заң университетінің халықаралық құқық факультетін бітіріп, магистратураға түсіп еді. Ол мектепте де, жоғары оқу орнында да озат оқыды. Үздік жетістіктері оны үнемі алға жетелеп келеді. Заң университетінің ректораты оны 6-курста Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында 1 жылға оқуға жіберген болатын. Бұл оған үлкен өмірлік тәрбие берді деп ойлаймын. Өткен оқу жылында Диана Түркияның Стамбул қаласында өткен халықаралық студенттер Конгресіне қатысып, ағылшын тілінде баяндама жасады. Онысы «Myisc – 15» журналында жарияланды. Польша мемлекетінде 38 миллион халық тұратынын Президент сапарынан білдік. Халқы мәдениетті, тұрмыстары жақсы дейді. Елбасымыз студенттермен кездесуде оларға «Жақсы оқыңдар, Тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатыңдар!» деп тілек айтыпты. Еліміздің жастары Ұлт Көшбасшысының, елінің сенімін ақтайтындығына біз де сенеміз.
Мәдібек Мылтықбаев, еңбек ардагері.
С.Шәкіров ауылы, Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді