Шығанақ ауылы – аудандағы тұрғыны көп елді мекендердің бірі. Ауылдағы темір жол саласына қарайтын жалғыз мектепке дейінгі мекеме тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде қаржыландыру тоқтатылған соң, жабылып қалған болатын. Содан бері шығанақтықтар балабақшаға зәру.
2013 жылы елді мекенде «Балапан» бағдарламасы аясында қаржы қарастырылып, 140 орындық балабақшаның іргетасы қаланған еді. Бірақ, түрлі себептерге байланысты бұл нысанның құрылысы алға жылжымай қойған еді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тікелей ықпалымен биыл құрылысты аяқтауға қосымша қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқын алған болатын. Білім күні қарсаңында жаңа балабақша пайдалануға берілді. Шығанақтықтардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Бақытжан Нүркенов арнайы келді. Ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтады. – Бүгін Шығанақ ауылы тұрғындары ұзақ күткен балабақша ашылып отыр. Балғындар мекені бүлдіршіндердің күлкісіне толы болсын, – деп ақжарма тілегін айтқан аудан басшысы Бақытжан Балтабекұлы балабақша атын «Қуаныш» деп атауды ұсынды. «Тараз құрылыс инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоспарлау бөлімінің бастығы Дәулетхан Әліпбаев мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі Гүлнар Қамысбековаға балабақшаның символдық кілтін табыс етті. Ауылды ұзақ жыл басқарған, қазіргі кезде зейнет жасында болса да, әр жаңа істің ұйытқысы болып жүрген Бейсен Екібаев жұртшылыққа ақ батасын берді.
Мойынқұм ауданы.
Уалихан Жайлау, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




