«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін төмендетпеу керек - Назарбаев

Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін төмендетпеу керек - Назарбаев
ашық дереккөз
Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін төмендетпеу керек - Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін төмендетпеу керектігін айтып өтті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәлімдемені Мемлекет басшысы Парламент палаталарының біріккен отырысында жасады. "Ең алдымен халықтың назарын бизнестің пайдасын жетілдіру мен тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға аудару керек. Алайда әлемдегі экономикалық және саяси жағдай оңай емес. Бағаның төмендеуі әлемдегі нарықта сауда-саттықты төмендетті, инвестицияның көлемі де азайды, тауар айналымы түсіп, экспорт пен импорт азайды. Мұның барлығы Қазақстанға да әсерін тигізді. Біз барлық мақсаттағы қаражатты үнемдеу қажет болдық. Инвестициялау қысқарды. Әлеуметтік нысандар да жұмысын тоқтатты. Қабылданған бағдарламаларды қайта қарау қажеттілігі туды. Осы жағдайда Ұлттық банктегілер мен үкіметтегілердің дағдарысқа қарсы жоспарлары жаңа қажетті шаралармен толықтырылатын болады", - деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, Парламенттегілерге алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет бойынша заңнама қүрып, оны қарастыру керек болады. "Үш жылға арналған республикалық бюджетте әлемдегі экономикалық қиындықтарды қоса есептегенде 2017-2019 жылдарға арналған бюджет құрылады. Шығындардың көлемін заңды түрде сақтап қалу мәселесін де қарастыру қажет. Мұнда мен біріншіден, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақылар мен басқа да әлеуметтік төлемақылар жайлы айтып отырмын. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін төмендетпеу үшін бюджетті дұрыс құру керек", - деді Назарбаев. "Үш жылға арналған бюджеттің бір пакетінде Ұлттық қордағы трансферт пен республикалық және өңірлік трансферттердің көлемі туралы заңдар болады. Парламенттегілер мен үкіметтегілер бюджеттік қаражатты игеру мәселесін бақылауды күшейтуі қажет. Бюджет құрылып жатқанда адамдар келіп ақша сұрайды. Соңында ол қаражат игерілмей қалады. Үкіметтегілер де бұл мәселемен дұрыс айналыспайды. Азаматтардың белгілі бір жобалары болмаса, оларға ақша берудің не қажеті бар? Ол жобаны іске асыратындарға ғана ақша беру керек. Бөлінген қаражат экономикамыздың дамуына, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға әсер етуі тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Ақпарат көзі:  Kaz.tengrinews.kz 

Ұқсас жаңалықтар