Жаңалықтар
Пекин әуежайындағы қазақ балаларының өнері таңқалдырды
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2016
- 647
Пекин әуежайындағы қазақ балаларының өнері таңқалдырды
Қытай Халық Республикасының астанасы Пекиннің әуежайындағы қазақ балаларының өнері желі қолданушыларын тебірентті.
Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісіндегі “Сіз білмейтін қызықтар” парақшасында жарияланды. Видеоға 4 мыңнан астам лайк басылып, бейнежазба 5000-нан астам рет бөлісілген. Пікір қалдырушылар қазақ балаларының талабына риза болып, ризашылықтарын білдірген. Олардың көбісі балаларға “тіл-көз тимесін” деп жанашырлықтарын танытқан. Видео барысында балалар бірінен соң бірі пайда болып, біртіндеп әуежай ішін қазақтың ұлттық аспаптарының үні мен балалардың көркем үні көмкеріп кетеді. Әу баста онша назар аудармаған жолаушылар да, әсем әуенге елітіп, балалардың өнеріне таң-тамаша қалған. Олар барлығы бірге халық әні “Әгугәйды” орындаған.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




