Индустрияландырудың екінші бес жылдығы: қанша қаржы қажет?
- author «Ақ жол»
- 29 мамыр, 2014
- 246
Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындылары жөнінде брифинг өтті. Онда Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин жылу-энергетика кешенін дамыту мәселелері бойынша ой бөлісті.
Қазақстан 2030 жылы 112 миллион тонна көлемiнде мұнай өндiруді жоспарлап отыр. Қазіргі күні көрсеткіш 81 миллион тонна. Бұл жайлы Мұнай және газ министрi Ұзақбай Қарабалин тарқатып айтты. «Сарапшылардың мәліметі бойынша, 2040-2050 жылдарға дейін мұнайға сұраныс төмендемейді. Сондықтан, нарықта да сұраныс болады деп есептелінеді. Қазір біздің ел мұнай қоры бойынша әлем бойынша он екінші орында, газ қоры бойынша жиырмасыншы орында тұр. Министрлiк қазіргі таңда мұнай шығару коэффициентiн арттыруды және инновациялық даму, ғылыми зерттеудi қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша iс-шараларды қосатын кешендi жоспарларды iске асыруды межелеп отыр», – дедi Ұзақбай Қарабалин. – Келесі кезекте Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҰБТ-ға дайындық жұмыстары туралы айтты. Оның айтуынша, екінші маусымда басталғалы тұрған тестілеудің биылғы форматы өзгеріссіз қалған. 2-9 маусым аралығында 155 арнайы жабдықталған пунктте тестілеу өткізіледі. «ҰБТ-ға қатысу ерікті. Ағымдағы жылы 133 226 мектеп бітірушінің 92 077-сі үлкен сынаққа қатысады, оның ішінде 63 603 қазақ тілінде, 28474 орыс тілінде», – деді сала министрі. Сонымен қатар, ол биыл 34 мыңға жуық бiлiм гранты бөлiнгендігін, білім гранты оқу орнына емес, талапкерге тікелей берілетінін атап көрсетті. Осы күні баспасөз алаңына Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев қатысып, инвестиция тарту мәселелері бойынша сөз сөйлесе, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков көктемгі дала жұмыстарының барысы жайлы айтып берді, ал, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу комитетінің төрағасы Біржан Қанешев техникалық реттеуді дамыту жоспары туралы сөз қозғады.
Фариза Әбдікерімова,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді