Сауд Арабиясы Азия аймағы үшін мұнай бағасын арзандатты
Сауд Арабиясы Ресей, Иран және Иракпен Азия нарығындағы бәсекелестік аясында өткен аптада мұнай түріне байланысты оның бір баррелінің құнын шамамен 0,7 - 1,3 долларға арзандатты, деп хабарлады ТАСС агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
«Бұл Сауд Арабиясының Таяу Шығыс пен Еуропаның азиялық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін жасалған», - деді ақпарат көзі.
Екінші тоқсанда Сауд Арабиясы Үндістанға мұнай жеткізу бойынша Иракты алға жіберіп алды. Ирак бұл елге 11 млн тонна мұнай сатқан. Бұл корольдік көрсеткішінен 1 млн тоннаға артық, деп атап өтті басылым.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




