Қазіргі таңда көп адам мәдениеттен алшақтап кеткендей. Мәселен, ағымдағы жылдың 27 сәуірінде «Баласағұн» орталық концерт залында айтулы ақын Мұхтар Шахановтың кездесу кеші өтті. Өкінішке қарай, сол кеште залдың жартысы да толған жоқ тыңдарманға. Мен бұл кездесуге ауылдан кешігіп жеттім, басталып кетіпті. Қап, зал іші оқырманға толып, билет те жоқ шығар деп ойладым бірден. Сөйтсем, адам өте аз, ұялдым. Ұялғаным былай тұрсын, жылағым келді. Осындай қазақтың жанашыры, біртуар азаматтың шығармашылық кешіне халықтың келмегені қалай? Менің талайдан байқап жүргенім, түкке тұрғысыз, бір даңғаза музыкаға ілесіп ән орындайтын, не арзан әзіл айтатын топтар келсе, зал көрерменге толады. Шынында да қоғамда жартыкеш адамдар, рухани мүгедектер көбейді, бұл – негізі ақын ағаның өз сөзі. Мен осы сөзге қосыламын. Бірақ, мені қуантқаны, бес жастан 13 жасқа дейінгі балалар Мұхтар ағаның өлеңдерін, поэмаларын жатқа оқыды. Шүкір дедім. Кейде осы «Баласағұн» концерт залында халықаралық фестиваль, байқаулар өтіп тұрады, ауылдан арнайы келіп көремін. Онда да көрермен аз болады. Ауылда да дәл солай. Оншақты ардагер бар шақыртумен келетін, қалған орын мектеп оқушыларымен толады. Ал, енді бір жерде Құдайы тамақ таратылуда немесе ас беріліп жатыр десе, халық көп барады. Сонда тек құлқынды ойлаған заман болғаны ма? Адамды еріксіз қынжылтатын жайт бұл. Ауылда да осы көрініс.
Бақтыгүл Әбдібайқызы.
Түймекент ауылы, Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Көрерменді балалық шағымен қауыштырған классика
- Бүгін, 14:32
Халық театрларының халі мүшкіл
- Бүгін, 13:40
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді