«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алматыда қоғамдық көліктердің 57 бағдарына «ОҢАЙ» терминалы орнатылды

Алматыда қоғамдық көліктердің 57 бағдарына «ОҢАЙ» терминалы орнатылды
ашық дереккөз
Алматыда қоғамдық көліктердің 57 бағдарына «ОҢАЙ» терминалы орнатылды
Алматыда 57 маршрут «ОҢАЙ» билеттерін басып шығаратын терминалдармен жабдықталды. «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгінгі таңда бір реттік жол жүруге арналған билеттерді басып шығаратын терминалдармен келесі бағдар бойынша қатынайтын көліктер жабдықталды: «№1 Троллейбус паркі»  бойынша - №5, №5а, №5б, №1, №11, №12, №19, №25, №5, №7, №9, №107; «№1 Коммуналды автобус паркі» бойынша - №29, №29р, №34, №3, №37, №73, №79; «Автобаза ДосТранс» ЖШС бойынша - №41, №74, №123; «Тегіс Транс» ЖШС бойынша - №28, №56, №71, №106; «АвтоАлма транс» ЖШС бойынша -  №4, №25, №36, №54, №65; №95, №99, №119; «Қаскелең автобус паркі» ЖШС бойынша - №23; «САНТ» » ЖШС бойынша - №124, №137; «ДуманТранс.com» ЖШС бойынша  - №11, №17, №20, №111, №133; «№3 Коммуналды автобус паркі» бойынша  - №12, №18, №39, №45, №50, №63, №63а, №66, №81, №88, №120, №126, №135 ; «Алматы қалалық №2 автобус  паркі » бойынша - №31, №67; Аталып өтілгендей, Қоғамдық көлік салондарында жол ақысын қолма-қол төлеу үшін арнайы бекітілген тәртіптегі «ОҢАЙ» билеттері берілуі қажет. Еске сала кетейік, бір реттік жол жүруге арналған билеттер «ОҢАЙ» көлік карталары мен электронды билеттеріне қосымша ретінде, Алматы қаласының қонақтары үшін, картасын немесе  электронды билеттерін ұмытып кеткен, уақтылы толтырмаған, картаны/электронды билетті алып үлгермеген азаматтар үшін арнайы жасалынып шығарылған. Билет арнайы көлік терминалы арқылы басылып шығарылуы керек және онда келесі ақпарттар болуы тиіс: жол жүру мезгіліне сәйкес келетін билеттің берілген күні, уақыты, жүріп келе жатқан маршруттың нөмірі және көліктің мемлекеттік нөмірі, билет құны, сонымен қатар билеттің екінші жағында «ОҢАЙ» логотипі болуы тиіс. Билет құны - 80 теңге. Жеңілідігі бар тариф жеңілдігі бар карта немесе жеңілдігі бар электронды билет бар болған жағдайда ғана жарамды. Билет карта мен электронды жол жүру билеті іспеттес, жол ақысының төленгенін растайтын құжат екенін еске саламыз. Жолаушылар өздерінің билеттерін-құжаттарын салон ішінде және шығып бара жатқанда басқа адамға беруіне немесе басқа адамнан билет-құжатын алуға тыйым салынады. Өйткені, жол жүрісіне сәйкес келмейтін бұрыс мәліметтер көрсетілген билеттер, бүлінген немесе басқа үлгідегі билеттер жарамсыз болып табылады. Қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемеген, жол жүруді тіркемеген, төлем жасау үшін Бірыңғай көлік картасын алғысы келмейтін және арықарай да жол жүруді тіркегісі келмейтін тұлғаларға қатысты жергілікті полиция қызметкерлері, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 622 бабының 2 тармағына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты құжаттар рәсімделеді (қоғамдық көлікте жол ақысын төлемегені үшін 2 АЕК көлемінде айыппұл салады - 4 242 теңге). Билетсіз жүрген жолаушыларды тасымалдағаны үшін жүргізушілерге қатысты, аумақтық көлік және байланыс саласының қызметкерлері ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 623-бабының 9-тармағына сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты құжаттар рәсімдейді (трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңында қатынайтын автобуста немесе маршруттық таксиде жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады - 10 605 теңге).  

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар