Экономика
Қазақстанда еліміздің туы бейнеленген көз линзалары шығарылды
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2016
- 665
Қазақстанда еліміздің туы бейнеленген көз линзалары шығарылды
Елімізде мемлекеттік ту бейнеленген линзалар сатылымға шығарыла бастаған.
Бұл туралы today.kz хабарлайды.
Мұндай линзалар арнайы тапсырыс бойынша Оңтүстік Кореяда жасалыпты. Жобаны құрастыру мен өнімді дайындауға жарты жыл уақыт жұмсалған. Қазақстанда мұндай ерекше зат бірінші рет пайда болып отыр. Өнертабыс авторының айтуынша мұндай линзаларды кез-келген жастағы қазақстандықтар тұтына алады екен.
“Қазақстан туы бар жанаспалы линзалар – бұл спорттың нағыз патриоттарының көптен күткені десе болады. Біз каталогты ақтарып бұған дейін де мемлекет туы жапсырылған линзаларды қарап шықтық. Жыл сайын спортқа деген махаббат артып келе жатқан соң, мұндай өнім біздің нарыққа да керек деген шешімге келдік. Қазақстан бүгінде жақсы спорттық көрсеткіштерге қол жеткізіп, халықаралық аренада мойындата бастады. Соған сәйкес жанкүйерлердің де қарасы көп. Біздің өніміміз сол себепті жасап шығарылды”, – деді Әнуар Асылбеков.
Еске сала кетсек, бүгін 5 тамыз күні Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының ашылуы өтеді. Сайыстарды арналары көрсетеді. Еліміздің атынан 25 спорт түрі бойынша сынға түсетін 104 спортшы аттанды.
Бұған дейін біздің боксшылардың алғашқы қарсыластары жәнедзюдошыларымыздың алғашқы кездесулері туралы жарияланған. Ал “Қазақстан” және “Kazsport” телеарналарынанолимпиада ойындарының көрсетілімдерін тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар. Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




