Жамбылда не жаңалық?
Зерттеу нәтижесінде қатерлі ісіктің шипасы сәждеден табылды
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2016
- 807
Зерттеу нәтижесінде қатерлі ісіктің шипасы сәждеден табылды
Каир қаласының (Мысыр) Сәулелер технологиясы ұлттық орталығы сәжденің адамды қатерлі ісіктен сақтайтынын анықтады.
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
Сондай-ақ, зерттеу нәтижесі сәжденің, әсіресе, жүкті әйелдерге барынша пайдалы екенін және түсік тастау қаупінің алдын алатынын, сонымен қатар, бірқатар физикалық және психологиялық ауруларға да оңтайлы әсер ететінін дәлелдеп отыр. Сәулелер технологиясы орталығының бөлім бастығы, биология профессоры Мұхаммед Зияддин Хамид бүгінде адамдарды жан-жағынан электромагниттік толқындар қоршап тұрғандықтан, өзіне қаншама зиянды сәулелер қабылдайтынын және оны денесінен сыртқа қалай да шығару керектігін айтады. Зерттеу нәтижесі адам денесіндегі бұл электромагнит Аллаға сәжде етумен сыртқа шығатынын анықтаған. Яғни, бойдағы энергия сәждеге барғанда жерге тиетін адамның жеті ағзасы арқылы сыртқа жылдам шығады екен. Бұл адамның шаршауын басып, кейбір ауруларға шипалы болатын көрінеді. Сосын сәждеге барғанда да жер жүзінің кіндігі саналған Қағбаға қарау керектігін де маңызды деп санайды. Бұл бойдағы жағымсыз энергияның сыртқа шығуына ең қолайлы позиция көрінеді. Профессор Зияддин адамның таң намазын оқу арқылы бойдағы жағымсыз элеметтерден арылып, күнін сергек бастайтынын айтады. Ал бесін, екінті, ақшам намаздары адам бойындағы шаршауды, стресті азайтып, адамға психологиялық жайлы көңіл-күй сыйлайды. Құптан намазы болса, денедегі қалған электромагнитті бойдан сілкіп тастап, жайлы да рахат бір ұйқыға кетуге септігін тигізеді.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері 553,6 млрд теңге инвестиция тартылды – Қарашөкеев
- 1 желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




