Сириялық босқын қыз Германияда сұлулық ханшайымы атанды
Германияда шарап дайындайтын өңірлерде ұйымдастырылатын дәстүрлі «Шарап ханшайымы» сұлулық конкурсында алғаш рет мигрант қыз жеңіске жетті.
26 жастағы Нинорта Бано үш жыл бұрын туған қаласын соғыс өрті шарпыған кезде Сириядан Германияға қашып келді.
- Мен Германияның қонақжай ел екендігін және немістер босқындардың интеграциясы тез әрі табысты өтуі жолында белсенді жұмыс істеп жатқандығын көрсеткім келеді,-деп мәлім етті Бано салтанатты марапаттау рәсімі кезінде.
Қазылар алқасының мүшелері Нинорта тек өзінің сұлулығымен ғана емес, конкурстің басты шарты - шарапты білуімен де ерекше көзге түскендігін атап өтті.
Айта кеткен жөн, "Шарап ханшайымы» сұлулық конкурсы 1930 жылдан бері жыл сайын Германияның 13 шарап шығарумен айналысатын өңірлерінде өткізіліп келеді, деп жазады life.ru.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




