ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшылармен жүздесті

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшылармен жүздесті
ашық дереккөз
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшылармен жүздесті
Бүгін Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық қалашықта ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спортшылармен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. "Құрметті ел намысын қорғауға келген спортшылар! Арттарыңда сендерден үлкен үміт күтіп отырған елдерің бар. Сендер сол үмітті ақтауларың керек. Мен барлықтарыңа сәттілік тілеймін. Жеңістеріңіз көп болсын. Сендердің жеңістерің елдің қуанышы", - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Сонымен қатар Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті спортшылармен суретке түсіп, олимпиадалық қалашықты аралады. Осы орайда, әлем елдерінің олимпиадалық комитеттерінің басшылары мен даңықты спортшылары қол қоятын тақтаға өзінің қол таңбасын қалдырып, "жарқын жеңістер тілеймін" деген сөз қалдырды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар