Жаңалықтар
Саясаттанушы тарихи тұлғалардың түрлі-түсті суреттерін жасауды қолға алды
- author «Ақ жол»
- 4 тамыз, 2016
- 906
Саясаттанушы тарихи тұлғалардың түрлі-түсті суреттерін жасауды қолға алды
Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ескі, ақ-қара түсті суреттерін қазіргі заманауи технологияның күшімен түрлі-түсті сурет етіп жасата бастағанын айтты. Басты мақсатымыз жас ұрпақты қазақ тарихына, қазақ халқының өткеніне қызықтыру дейді ол. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
Ерлан Қарин өз парақшасында Әлихан Бөкейханның суретін жариялап, астына былай деп жазды:
"Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай Әлекеңнің бірқатар суреттерін реставрация жасап, түрлі түсті бейнеге аударып көрдік. Ондағы мақсатымыз, Алаш қайраткерлерінің өмір жолына, жалпы ұлттық тарихқа жастардың назарын тарту. Бүгін Әлекеңнің суреттерінің жаңа топтамасынан алғашқы нұсқасын жариялап отырмын. Түпнұсқасы нашар болғандықтан, әрине, анық бейне жасау қиын, әлде де жұмыстану қажет, бірақ менің әріптесім, дизайнер, фотосуретші Ғалымжан Әубәкіров шетелдік реставраторлардың әдістемесін жан-жақты сараптап, жүктелген міндетті мұқият орындауға тырысты. Жалпы, біз осымен үлкен бір жаңа жобаны бастауды қолға алмақпыз. Кәсіби тарихшылар мен реставратор-суретшілердің тобын құрып, белгілі тарихи тұлғалардың суреттерін жаңартқымыз келеді. Бұл топқа ресейлік әріптестер де қосылатын болады" - дейді саясаттанушы.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




