«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері

Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері
ашық дереккөз
Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері
Соңғы кездері еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренудегі құлшынысы арта түскені қуантады. ZTB.kz сайты Қазақстандағы қазақ тілін меңгерген танымал өзге ұлт өкілдерін назарға ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)
  Геннадий Шиповских
Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)
Парламент мәжілісінің депутаты, бұған дейін машинистің көмекшісі болып қызмет еткен Геннадий Шиповских қазақ тілін еркін меңгеріп алған. Геннадий 1989 жылы 22 қазан күні Қызылорда облысы Сексеуіл ауылында дүниеге келген. Ата-анасының қазасынан кейін Геннадий Қызылорданың балалар үйіне түседі. Балалар үйінен оны өз тәрбиесіне қазақ отбасы алған. Бұл өз алдына Геннадийдің қазақшаны меңгеруіне септік болды. Оксана Лоскутова «Астана» арнасында қазақ тіліндегі бағдарламалардың жүргізушісі. Көркінен көз сүрінетін Оксана көпұлтты отбасында дүниеге келген. Әкесі орыс болса, анасы - қазақ. Оксана орта мектепте оқи бастағанда анасының тілін үйренуге үлкен құлшыныс танытқан. Лоскутова кез-келген қазақстандық шын ниетпен қалайтын болса, қазақ тілін үйрене алады деп санайды. Игорь Сахар
Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)
  2008 жылдан бастап "Хабар" агенттігінің тележүргізушісі. Игорь 1987 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Тоғызыншы сыныпқа дейін Берекет Жұмалиев атындағы қазақ орта мектебінде білім алып, кейін Ақтаудағы Қайнар колледжінде оқуын жалғастыруды ұйғарады. Оның ортасы қазақтарға толы болғандықтан, Игорь қазақшаны тез меңгеріп алған. Майя Веронская
Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)
  Тележүргізуші бағдарламаларды тек қазақ тілінде жүргізеді. Бұдан өзге Майя кей кездері қазақ редакциясына да жауап береді. Бастауыш мектептен кейін әкесі оны қазақ мектебіне ауыстырған. Сол кезде қазақша бір сөз білмейтін Майя көп ұзамай қазақша тіл сындырады. Александр Зайчиков
Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)
2008 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2009 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2015 жылдың қарашасында Хьюстондағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленіп, 105 келіге дейінгі санатта жұлқа көтеруден 191 келі және серпе көтеруден 230 келі салмақты еңсереді және әлем чемпионы атанады. Зайчиков Белоруссияда дүниеге келген. Алайда көп ұзамай оның отбасы Қазақстанға, Қызылорда қаласына көшіп келеді. Спортқа ден қойған Зайчиковтің ортасы кілең қазақтар болатын. Нәтижесінде ол қазақ тілін ана тіліндей меңгеріп алды. Ислам Байрамұқов
Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)
  Еркін күрес шебері, Олимпиаданың күміс жүлдегері, Азия чемпионы. Барлық ресми іс-шараларда Байрамұқов қазақ тілінде сөйлейді. Марина Вольнова
Еліміздегі қазақ тілінде еркін сөйлейтін танымал өзге ұлт өкілдері (фото, видео)
  Әйелдер боксының Олимпиада ойындарында қола жүлде иегері. Спортшы Қазалы ауданында дүниеге келіп, қазақ ортада өсіп-өнеді. Сол себепті қазақ тілін меңгеру оған жеңіл әрі тез болған.  
Ақпарат көзі: Nur.kz

Ұқсас жаңалықтар