Экономика
Жамбыл облысындағы өрт сөндіру бөлімдері үшін өзен пирстары салынады
- author «Ақ жол»
- 4 тамыз, 2016
- 545
Жамбыл облысындағы өрт сөндіру бөлімдері үшін өзен пирстары салынады
Жуалы ауданында өрт бөлімдерінің қажеттілігі үшін жергілікті билік өзен пирстарын салуда. Бұл жайында Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сумен жабдықтау және өрт гидранттары өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысына ең қажетті дүние», - деді облыстық ТЖД Жуалы аудандық өрт сөндіру қызметі ӨБ-7 жетекшісі, азаматтық қорғаныс подполковнигі Кеңесбек Әбдірайымов. - Жуалы аудандық №7 өрт бөлімінің басшылығы аудан әкімдігіне барып, өрт техникасын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын анағұрлым жеңілдететін пирс құрылысына орын мен қаражат бөлінуін сұрады. Қарасаз ауылдық округіндегі Шақпақ өзені маңынан орын бөлінді, өрт автокөліктерін сумен толтыратын пирс биыл тұрғызылды».
К.Әбдірайымов халық қауіпсіздігіне қолдау көрсеткен аудан әкімдігінің басшылығының ӨБ-7 қызметкерлерінің үлкен алғысын жеткізді.
Жамбыл облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, аймақта Жуалы ауданындағы Боралдай өзенінде және Байзақ ауданындағы Талас өзеніне пирс тұрғызылған. Өзен маңында орналасқан елді мекендерде тағы бірнеше пирс салу жоспарланған.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




