Экономика
Үйдегі көңіл-күйді базардағы баға бұзады. Астанадағы азық-түлік бағалары
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2016
- 509
Үйдегі көңіл-күйді базардағы баға бұзады. Астанадағы азық-түлік бағалары
Осыдан бірнеше күн бұрын ҚР Ұлттық экономика министрлігі өткен алты айдағы халық ең көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің жалпы өсімін жариялаған еді. Министрліктің статестикалық мәлметтеріне сүйене отырып Астанадағы базар бағаларына сараптама жасап көрген едік. Елордадағы ең арзан бағалар сақталған шаруашылық базарындағы ет, ұн, сұйық май, қант, т.б. қатарлы азық-түлік бағаларын өз көзімізбен көріп, базар әкімшілігімен тілдесіп қайттық – дейді BAQ.kz тілшісі.
Өткен аптада еліміз көлемінде қант тапшылығы біршама білінген болатын. Дегенмен базардағы жағдайдан куә болғанымыздай қант жеткілікті екен. Дегенмен бағасы қымбаттағаны байқалып тұр. Себебі осыдан бір айдың алдында ғана 220-270 аралығында сатылған қанттың бір келісі қазіргі кезде 300 теңгеден беріліп жатыр. Дегенмен әлі де ең сұраныстағы тағам осы қант дейді базар әкімшілігінің қызметкері.
«Бізде әзірге ешқандай тауар түгелдей дерлік таусылып қалған кезі болған жоқ. Себебі біздің базарға зат жеткізуші делдалдар алдағы уақытта қандай заттың тапшы болатынын алдын-ала айтып отырады. Сол арқылы біз базардағы баға мен заттың толық болуын бақылап отырамыз. Қант тапшылығы сезілген кезде де біз солай жасады. Ал қазіргі кезде қант пен ұнға сұраныс артып тұр. Дегенмен ұнның тапшылығы сезілмесі анық, алда егін жинау маусымы таяп қалды, соған дейін жететін қорымыз бар. Соғым уақытына дейін ет бағасы шамалы көтерілді. Алайда қала бойынша біздің базарда ғана ең арзан ет алуға болады. Себебі біз ет жеткізіп беретін шаруашылықтармен нақты келісім шартқа отырғанбыз» - дейді базар әкімшілігінің қызметкері.Қашан, қай кезде барсаңыз да адам аяғы үзілмейтін базарда күнделікті ішіп-жейтін азық-түліктің барлығы бар. Сауда жасаушылар да көп. Бұл жерден тұрақты сауда жасаймын деген қала тұрғыны соңғы кезде қанттан басқа заттарға да аздап болсын баға қосылғанын айтады.
«Қазіргі кезде ұн өнімдері қымбаттады. Нанның өзі бірден 80 теңге болды. Бұрын жылқы етінің бір келісін 1100-1300 теңге көлемінде алатын едік. Бүгін 1500 теңгеге алдым. Қоспа қоспай, таза ет қана алғандықтан сонша болды, ал қоспа қосқызып алсам 1300 теңге екен» - дейді базардан ет сатып алған қала тұрғындарының бірі.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




