Экономика
Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа теңгенің әлсіреу себебін айтып берді
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2016
- 602
Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа теңгенің әлсіреу себебін айтып берді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасына Ұлттық банктің қазіргі уақытта атқарып жатқан жұмыстары, ақша-кредит саясатындағы басты бағыттамалар мен елдегі қаржы нарығындағы жағдай туралы хабарлады.
Қазақстан Президенті елдегі ішкі валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтап қалу үшін, республикадағы банк жүйесін дамыту үшін және екінші деңгейлі банктердегі несиелеу жүйесін жетілдіру мақсатында қажетті шараларды қолдану керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев теңге бағамына қатысты тиімді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтты.
"Айырбас бағамын еркін ауытқуға жіберу туралы шешім дұрыс болды. Алайда қазір халық арасында шу басталып кетті. Сондықтан адамдарға мұның себебін айтып, түсіндіру керек", - деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютаның долларға қатысты бағамының әлсіреуіне әсер еткен бірнеше факторды атап өтті.
"Осы жылдың алғашқы алты айында мұнайдың бағасы барреліне 27 доллардан 52 долларға дейін өсті. Алайда, шілдеде мұнайдың бағасы 15 пайызға төмендеді - 52 доллардан 42 долларға дейін. Барлық дамып жатқан елде де осындай жағдай. Олардың ұлттық валютасы Қазақстандағыдай нығайды. Бірақ кейіннен 2-3 пайызға төмендеген болатын. Теңге шілде айында 4,2 пайызға дейін әлсіреді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталды", - деді Ақышев.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




