Экономика
Сарапшылар Астана мен Алматыда пәтерге неше жыл ақша жинау керектігін есептеп шықты
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2016
- 515
Сарапшылар Астана мен Алматыда пәтерге неше жыл ақша жинау керектігін есептеп шықты
Қазақстандықтар Алматы мен Астанадағы баспананың бағасына қашан да қызығушылық танытып келеді. «Крыша» сайтының мәліметіне сәйкес, Алматыдан пәтер іздейтіндердің дені Астана, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Атырау және Талдықорған тұрғындары. Ал Астананың баспанасына Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Өскемен және Атырау тұрғындары қызығады.
«Крыша» Статистика бойынша комитеттің 2016 жылдың екінші тоқсанындағы жалақы деңгейіне қатысты мәліметтерін қолдана отырып, түрлі аймақтардағы тұрғындардың Алматы мен Астанада жылжымайтын мүлікті неше жылда сатып ала алатынын есептеп шықты.
Бұл өңірлерде пәтерлер құны шамамен 14.2 млн теңгені (*бір шаршы метр үшін орташа индекс 355. 2 мың теңге) құрайды деп есептейтін болсақ, табыстың 100%-ын таза баспанаға құйып отырғанда пәтерді сегіз жылда толық сатып алуға болады.
Алматы мен Астананың үйлері негізінен Атырау және Маңғыстау облысының тұрғындары үшін қолжетімді. Себебі, ондағы орташа жалақы мөлшері сәйкесінше 237 және 265 мың теңгені құрайды.
Оларға пәтер үшін табысын 4,5 және бес жыл құйып отыруға тура келеді. Ал жалақысы 187-205 мың теңге көлеміндегі Астана мен Алматы тұрғындарына баспананы сатып алу үшін 5,8 және 6,3 жыл қажет.
Ал Қазақстанның басқа өңірлеріндегі тұрғындарға сегіз жылдан астам уақытын жұмсауға тура келеді. Әсіресе ең қолайсыз жағдайда отырғандар - Алматы және Ақмола облысының тұрғындары. Олар баспанаға табысын 11 және 11,2 жыл бойы құйып отыруы тиіс.
ОҚО және СҚО тұрғындарына 11,5 жыл қажет болса, Жамбыл облысының тұрғыны 12 жыл бойы қаражат жинауы керек.
Күнделікті тіршілікке табыстың жартысы кетіп отырады деп есептейтін болсақ, бұл мерзім екі, тіпті үш есеге ұзарады. Яғни, көптеген тұрғындар баспана үшін 30 жылын сарп етуі тиіс. Ақпарат көзі: alashainasy.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




