Мәскеуде көшенің қақ ортасында «Қазақстан – ұлы дала елі» атты фотокөрме ашылды. Игі шараға Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен бірлесіп «National Geographic Ресей» мұрындық болған, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бұған қоса, «Қазақстан – ұлы дала елі» фотокөрмесі биыл «National Geographic Қазақстан» журналының қазақ тілінде жарыққа шығуына орайластырылып отыр», - деп атап өтті «National Geographic Ресей» журналының бас редакторы Андрей Паламарчук.
Ол экспозицияның басты тақырыптарының бірі елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесі екенін еске салды.
«ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы, яғни «Болашақ энергиясы» – барша адамзат үшін өте өзекті әрі біздің журналымызға да жақын тақырып. Біздің басылымның міндеті де – қоршаған ортаны қорғау және оқырмандарды осыған жігерлендіру», - дейді А.Паламарчук.
Фотокөрме ұйымдастыру үшін «National Geographic Ресей» журналының шеф-фотографы және суреттердің авторы Андрей Каменев Қазақстанда бір айға жуық экспедицияда болған.
Фотокөрме 24 тамызға дейін ашық болады, мекенжайы – Никольская көшесі.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




