Н. Назарбаевтың қатысуының арқасында көптеген экономикалық түйіндер тарқатылды - РФ Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары
- author «Ақ жол»
- 28 мамыр, 2014
- 646
- Қазір, 2014 жылы,Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға тақау келіп тұрған уақытта біз шын мәнінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты ғылыми тұрғыдан болжау дарынына және терең саяси даналығына таң қаламыз, деді Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары И.И.Шувалов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.
«Бұрынғы кеңестік республикалардың өркениетті түрде айырылысуынан туған масайрау көңіл күйі біздің бұрынғы бірге өткен өміріміздің артықшылықтарын да, сонымен қатар, нарықтық экономиканың артықшылықтарын жүзеге асыру барысында жаңадан қол жеткен дағдыларды да пайдаланудың негізінде интеграцияға ұмтылумен алмасуы мүмкін екенін және солай болуға тиіс екенін ол басқалардан бұрынырақ түсіне білді.
Кеден одағын, Біртұтас экономикалық кеңістікті, ал қазір Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі бүкіл жұмыстың барысында біз Н.Ә.Назарбаевтың қызу мүдделілігі мен нақты қолдауын ұдайы сезініп отырғанымызды қадап айтқым келеді. Көптеген күрделі экономикалық түйіндер келіссөздерге нақ оның тікелей қатысуының арқасында тарқатылды. Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қатысуынсыз бұл жобаның жүзеге асуы неғайбыл еді десем, мұным артық айтқандық болмайды», - деді өз сөзінде И.И.Шувалов.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




