Шілдеде қант бағасы 65 пайызға өсті

Шілдеде қант бағасы 65 пайызға өсті
ашық дереккөз
Шілдеде қант бағасы 65 пайызға өсті
2016 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,9 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Сонымен, қант бағасы 65,4 пайызға, жармаларға - 40,4 пайызға, кофе, шай және какаоға - 31,3 пайыз, май және тоң майға - 28,6 пайыз, нанға - 27,1 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 22,4 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне - 21,5 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 20,7 пайыз деңгейінде , тоқаш және ұн өнімдеріне - 17,3 пайызға,  сондай-ақ макарон өнімдеріне - 16,7 пайызға, ұнға - 12,4 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 11,8 пайызға, сүт өнімдеріне - 8,3 пайызға жоғарылады. «Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 6,3 пайызды құрады. Құс етіне баға деңгейі 16,1 пайызға, шұжық өнімдеріне - 8,9 пайызға, сиыр етіне - 4,4 пайызға, шошқа етіне - 2,8 пайыз деңгейінде, қой етіне - 2,3 пайыз, жылқы етіне - 1,5 пайызға жоғары болды»,-делінген министрлік мәліметінде. Айта кетейік, тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат 

Ұқсас жаңалықтар