Павлодар облысы мен Ресей өңірлері 300 миллион долларды құрайтын келісім жасады
- author «Ақ жол»
- 28 мамыр, 2014
- 592
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының қорытындысы бойынша, Павлодар облысы Ресей мен Беларусь өңірлерімен 300 млн доллардан астамға келісім құрғанын айтты.
«Біздің облыстың Ресей мен Беларусь өңірлерімен ынтымақтастығының қарқыны уақыт өткен сайын өсіп келеді. Павлодар басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының IX форумы оған ерекше серпін берді. Форумның қорытындысы бойынша, Павлодар облысы Ресей мен Беларусь өңірлерімен 300 млн доллардан астамға келісім құрды», - дейді Д.Тұрғанов.
Оның айтуынша, форумнан кейін алдағы уақытта екіжақты сапар барысында Павлодар облысында РФ-ның Татарстан, Алтай өңірі, Омбы, Новосібір мен Томск облыстарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы сынды келісім БР-ның Минск облысымен де құрылды.
«Біз осы келісімдердің нәтижесінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетін боламыз. Бұл өз кезегінде импорт пен экспортқа да оң әсер етпек», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 18-19 қыркүйекте Павлодарда мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының IX форумы өтті. Форум аясында Қазақстан мен Ресей өңірлерінің халықаралық көрмесі ұйымдастырылды.
Мадина Нұрбекова
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




