Рио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың допинг-сынамасын неміс зертханасы тексереді

Рио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың допинг-сынамасын неміс зертханасы тексереді
ашық дереккөз
Рио Олимпиадасы: қазақстандық спортшылардың допинг-сынамасын неміс зертханасы тексереді
 Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындарына қатысатын 104 қазақстандық спортшылардың барлығы допинг-сынаманы тапсырып шықты, деп хабарлайдыBaq.kz тілшісі ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
 Ресми ақпаратқа сәйкес, қосымша допинг-сынамаларды тапсыру науқаны шілденің 20-сы мен тамыздың 1-і күні аралығында өтті. Аталған тесттің объективті нәтижесін алу үшін барлық сынамалар Германияның Дрезден қаласындағы зертханаға жіберілді. Ол зертхана Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) аккредитациясынан өткен.
«Тест нәтижесі бойынша оң нәтижесі бар сынамалар анықталса, ондай спортшыларға ұлттық деңгейде қатаң шаралар қолданылатын болады. Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанның Олимпиада комитетінің шараларын қолдап отыр», - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Бүкіләлемдік дпингке қарсы агенттігі Алматыдағы зертхананың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім шығарған болатын. Baq.kz тілшісіне сұхбат берген мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осы мәселе бойынша түсініктеме берген.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар