Елордалықтар Олимпиадаға орай әуе шарын көкке ұшырды

Елордалықтар Олимпиадаға орай әуе шарын көкке ұшырды
ашық дереккөз
Елордалықтар Олимпиадаға орай әуе шарын көкке ұшырды

Астанада Олимпиада ойындары қарсаңында «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда аспанға әуе шары ұшырылды, деп хабарлайды BNews.kz.

 Санаулы  күндерден кейін әлемдегі ең әсем қалалардың бірі – Рио-де-Жанейрода XXXI жазғы Олимпиада ойындары басталады. Төрт жылда бір рет өтетін байрақты жарысқа әлемнің 206 елі қатыспақ. Қазіргі таңда қазақстандық спортшылар Олимпиада ауылына орналасып, дайындықтарын бастап кетті. Осы орайда астаналықтар Олимпиадаға аттанған ұлттық құрамаға ерекше қолдау көрсетті. ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті бірер күннен кейін Олимпиада басталатынын еске салу және сол жерде ел намысын қорғайтын спортшыларға қолдау білдіру мақсатында әуе шарын көкке ұшырды.

«Спортшыларға сәттілік тілеудің керемет әдісі болды. Бүгін осы жерге отбасымды ала келдім. Олимпиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Спортшыларға жанкүйер болып, қолдау көрсетеміз. Олимпиада ойындары бүкіл елді біріктіретін ерекше шара. Біздің спортшылар бар өнерін ортаға салып, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз», - дейді қала тұрғыны Әділет Қамбаров.

«Алға, Қазақстан!» атты жазу жазылған, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің логотипі бар әуе шары «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы алаңнан көтерілді.

Айта кетсек, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 100-ден аса спортшы аттанды.

Ақпарат көзі: Bnews

Ұқсас жаңалықтар