Экономика
Астанада ертеңнен бастап қала маңы бағдарындағы тасымал үшін тарифтер төртке бөлінеді
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2016
- 602
Астанада ертеңнен бастап қала маңы бағдарындағы тасымал үшін тарифтер төртке бөлінеді
Астанада 30 шілдеде қала маңындағы бағдарларға арналған тарифтік аймақтар енгізіледі. Бұл тарифтер электрондық жолақы төлеу жүйесін енгізудегі алғашқы қадам болмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі "Астана LRT" ЖШС-на сілтеме жасап.
Астана қаласы маңындағы бағдарлар төрт тарифтік аймаққа бөлінді. Әр аймақтың ұзақтығы - 15 шақырым. Осыған дейін (2016 жылдың 30 шілдесіне дейін) белгіленген тарифтік жүйе тасымалдаушылар мен жолаушылардың жұмысын қиындатқан еді. "Астана LRT" ЖШС өкілдерінің айтуынша, бұған дейін қала маңындағы бағдарларға арналған 84 тариф болған. Тарифтерді қала маңындағы бағдарларға бөлудің арқасында қазір тарифтердің саны 5-ке дейін азайған. Ендігіде жолақы құны жолаушының баратын жеріне байланысты 90-400 теңге аралығында тұрақсыз болады.
Айта кетейік, Астана қаласы маңындағы аумақтарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметінің бағасы Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазанындағы № 108-1759 қаулысы "Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы" бойынша бекітілді.
Сондай-ақ, электронды жолақы төлеу жүйесін енгізудің алғашқы қадамы қала маңындағы бағыттарға жолақының (көліктік карточкаларды қолдануды санамағанда ) өзгеретінін білдіреді.
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




