29 мамырда Астанада Ресей, Белоруссия және Қазақстан Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімшартқа қол қояды. 26 мамырда «Жаңалықтар» РАА-да (Ресей ақпараттық агенттігінде) «Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімшарт: интеграцияның жаңа ақиқаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Осы іс-шара қарсаңында ММУ АӘО «Азаматтық платформа» қозғалысының төрағасы Нұрлан Ерімбетовке бүгінгі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе жөнінде бірнеше сұрақтар қойған.
ММУ АӘО: Нұрсұлтан Әбішұлы соңғы сөйлеген сөзінде бірнеше ұсыныстар жасады. Ол ЕҚЫҰ-ға ұқсас азиялық ұйым құруды ұсынды. Сіз осынау бастаманың болашағын қалай бағалайсыз? Қазақстан Президентінің батыстық халықаралық процестерге қатысы туралы өткір баға беруі сіздің ойыңызша неден туындап отыр?
Нұрлан Ерімбетов: Мен Президенттің берген бағасымен толық келісемін. Мен де өз әріптестеріме бүгінгі көптеген халықаралық ұйымдарда сырттай жарқылдау, популизм басым екенін талай рет айтқанмын. БҰҰ, ЕҚЫҰ-дан бастап көптеген халықаралық ұйымдар құрылды. Бірақ солардың біздің өмірімізге әсері қаншалықты? Мен айтар едім, онша емес. Ал, бұл ұйымдарды көптеген елдер қаржыландырып отыр. Бұл - ресми тұлғалардың іс-сапарына баспасөз конференцияларын өткізуге жұмсалатын миллиардтаған долларлар. Дегенмен мен ол ұйымдардың негізсіз екенін көріп отырмын. Өйткені олар қазіргі пісіп-жетілген мәселелердің бірде-біреуін шешкен емес.
Сондықтан қауіпсіздік жөніндегі аймақтық кеңес құру дәл уақытында жасалған қадам болғалы отыр. Қазіргі әлемге есірткі сыбайластығы билік жүргізіп отыр. Бұл – миллиардтар. Қазір ланкестік ұйымдар әзірленуде. Ланкестер. Бұл да миллиардтар. Мен қарапайым қазақстандықтардың көптеген ұйымдар сыртында кәдімгі материалдық қызығушылық тұрғанын түсінгегін қалаймын. Біз халықаралық ұйымдар рөлін әсіре дәріптеп жібереміз. Ал, олар мейлі Африкада, мейлі Азияда, мейлі Америкада, мейлі Еуропада болсын бірде-бір нақты мәселені шешкен емес. Демек бұл институттар бүгін әрекет етуге қабілетсіз. Бүгін бұл мәселені ашық, адал әңгімелесу арқылы шешу мүмкін емес. Мүмкін БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның дәуірі біткен де шығар. Қазақстандықтарды толғандыратын не мәселе? Біз ақыр аяғында, бүгінде әлемге ақша, жылтыр сөздің тасасындағы пайда билік жүргізетінін түсіне бастағандаймыз. Бүгін менің көзқарасым қабылдануы мүмкін, егер ол ақша тұратын болса. Мен өз басым осынау барлық ұйымдардан түңілдім. Бір қызығы бұл туралы біздің алдымызда өмір сүрген ұлылар да айтқан. Ал, адамдар ауысқанымен, адамзат ауыспайды.
ММУ АӘО: Сіз қалай ойлайсыз Ресей мен Қазақстан бірлесіп тұтыну қоғамы идеологиясына қарсы бірдеңе қоя ала ма? Мүмкін Еуразиялық одақ шеңберінде дамудың жаңа құндылықтарын ұсынуда мән бар шығар? Сіз өмір идеологиясы пайда табу жолында өзін жойғаны жөнінде дұрыс жауап бердіңіз.
Нұрлан Ерімбетов: Мен Қазақстан мен Ресей бірлесіп жаңа бірдеңелер ұсына алады деп есептеймін. Біздің тарихымыз бар. Ортақ қайғы, ортақ драманы жеке бастың мәселесі ретінде есептен шығарып тастауға болады. Біз мына әлемге бірлесіп қарсы тұра аламыз.
Қазақстан, Ресей, басқа да республикалар тәуелсіздік алғаннан кейін сенделіп, одақтармен, батыс елдерімен байланысқылары келген. Кенеттен біздің ешкімге керек емес екенімізді түсіндік. Өкінішке қарай, бұл ес жию көптеген жылдан кейін ғана ойға келді. Әйтпесе біздің ортақ ойларымыз бен тарихымыз туралы ешкімнің есінде жоқ. Қазіргі әлемді тек қана ақша қатынасы мәселесімен өлшеуге болмайды.
Қазір біз тек қана бір-бірімізге керек екенімізді түсіндік. Тарихты, тіл мен ділді ғасырлар бойғы байланысты есептен шығарып тастауға болмайды. Мұның бәрі де іс жүзінде бар. Біздің өмірімізді доллар емес тарихи байланыстар анықтайды. Маған бүгінгі қарым-қатынастағы құйтұрқының түп тамыры моральдық-психологиялық, гуманитарлық құрамда жатқан сияқы көрінеді.
ММУ АӘО: Тура бірнеше күннен кейін нағыз тарихи оқиға – Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімге қол қою оқиғасы болады. Қазақстан қоғамы осы келісімшартқа дайын ба? Қарапайым Қазақстан азаматы Еуразиялық одақтан не күтеді?
Нұрлан Ерімбетов: Кезекті келісімшартқа кезекті қол қою секілді сипаттауға болатын халықаралық оқиға шеңберінде қол қою жүзеге асырылады. Бұл оқиғаны әсірелеудің қажеті жоқ. Былай қарағанда бұл қол қою бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен екіншісі арасындағы кәдімгі келісім сияқты. Нәтижесінде бүгін барлығына да тиімді серіктестік құрылады.
Ең бастысы, бүгінде Қазақстанда адамдар Ел Президентіне сенеді. Бұл жағыну емес. Олар оның шешім қабылдауына сенім артады. Бүгінде көптеген адамдар, әзірге нақты нәтижені көрмесе де, адами тұрғыда бірге болуға дайын. Көптеген қазақстандықтар үшін ЕАЭО-ға кіру Совет Одағының қайта құрылуы емес. Бұл - ескі байланыстардың, тарихтың, біздің қарым-қатынастарымыздың жаңғыруы. Мен мұны қалыпты санаймын. Өкінішке қарай, не Қазақстанның, не Ресейдің, не Белоруссияның үкіметінде гуманитарлық байланыстарды орнықтыратын интеллектуалдық одақ туралы сөз жоқ. Бұл дегеніміз біздің тарихымыз бірлескен отбасымыз ұлтаралық некеміз біздің елдеріміздің ЖОО-ларында бірге оқуымыз емес пе?!
Мен осынау экономикалық процестердің барлығының басына адам факторын қойғым келеді.
(ММУ АӘО (ақпараттық әкімшілік орталық) 26.05.14 ж.)
Ұқсас жаңалықтар
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Тұрғын үй бағасы тиімді ме?
- 12 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді