Ауғанстан ДСҰ-ға мүше болды
Ауғанстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылып, оның 164-ші мүшесі атанды.
Женевада ұйымның баспасөз қызметінен мәлімдегендей, 30 маусым күні Ауғанстан ұйымға кіру туралы хаттаманы парламенттің ратификациялағаны туралы құжаттарды ДСҰ штаб-пәтеріне тапсырды.
Ауғанстан сауда ұйымына кіру туралы өтінімді 2004 жылы жолдаған болатын. Бұл мәселеге қатысты келіссөздер 2015 жылдың қарашасында сәтті аяқталып, 17 желтоқсанда Найробиде өткен ДСҰ министрлік конференциясы кезінде ұйымға кіру туралы хаттамаға қол қойылды. Ел парламенті аталған құжатты 18 маусымда ратификациялады, деп жазады ТАСС. Қазіргі таңда 19 мемлекет Дүниежүзілік ұйымға қосылу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Дүниежүзілік сауда ұйымы – әлемдік сауда саласында қадағалау қызметін жүзеге асыратын бірден бір халықаралық орган.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




