Елімізде "Той Думан" музыкалық арнасы ашылды
Елімізде "Той Думан" музыка арнасы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Gakku TV арнасының негізін қалаған Санжар Мұстафиннің айтуынша, "Той Думан" - тек жағымды көңіл-күйлерді тарататын телеарна болмақ. "Бұл әрбір тойда жылы қабылданатын музыка телеарнасы болады. Тек жағымды эмоцияны көрсететін телеарна ашқымыз келген. Біз музыка саласының жаршысы болмайтын, контентін таңбайтын, халық музыкасын ұнататын адамдардың сұранысын қанағаттандырумен айналысатын телеарна ашқымыз келді", - деді ол.
Ол телеарнаның тамыз айы бойында Қазақстанның барлық қаласында сынақ түрінде таратылатын айтты. "Біз Gakku телеарнасының жүріп өткен жолымен қозғаламыз, ол бастапқыда спутник арналарында таратылып, кейін жалпыхалықтық сүйікті арнаға айналды. Телеарна елдің барлық кабель операторының пакетінде болды және біз "Той Думан" арнасын осы бағытта дамытқымыз келеді", - деді Мұстафин
Мұстафин жаңа арнаны не үшін ашқанын айтты. "Екі жыл бұрын Gakku телеарнасы ашылған еді. Осы телеарнаның форматын көп талқылап, көп ойладық, қандай аудиториямен жұмыс істейтінімізді түсіндік, қандай аудиторияның болатынын білдік. Бірақ біз дөп түспедік. Бастапқыда біз таратылу аясы кең отбасылық арна ашқымыз келді, сөйтсек, адамдар заманауи музыканы тыңдайтын және фольклорлық әндерді тыңдайтындар болып бөлінеді екен. Gakku арнасында "Той думан" тематикалық блок болды, біз осы айдарды бөлек бір телеарнаға бөлгіміз келді" деді Мұстафин. Оның пікірінше, дағдарыс кезінде жаңа телеарна ашу экономикалық тұрғыдан пайдасыз деп есептейді, бірақ команда осындай тәуекелге баруды шешіпті.
Ақпарат көзі: Zhambul.news
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді