Экономика
Қазақстандағы жанармай құю бекеттері бір орталыққа біріктіріледі
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2016
- 810
Қазақстандағы жанармай құю бекеттері бір орталыққа біріктіріледі
Елімізде алдағы бес жылдың ішінде 300-ден астам жанармай құю бекеті біріктіріледі. Бұл туралы бүгін « Орталық коммуникациялар қызметінде «Бірыңғай республикалық желі құру және инвестициялау арқылы 300-ден астам ЖҚБ-ны біріктіру» деген тақырыпта өткен баспасөз мәжілісінде «КНПЗ» ЖШС бас директоры Дәулет Қалиханов айтты.
«Былтырғы жылы бес жанар-жағар құю бекетін біріктіруді жоспарлаған едік. Кейіннен тексере келе көптеген бекеттердің қаржылық, техникалық т.б мәселері бар екенін білдік. Аймақтарды аралаған кезде бекеттердің қожайындары бұл идея қуанды. Қолдау білдірді. Бұған дейін 230 АЗС-пен келісімге келсек, тағы 70-і меморандумға қол қойды. Ендігі қадамымыз бекеттерді модернизациялау болмақ. Біз заманауи қоғамда өмір сүреміз. Сондықтан көштен қалмауымыз керек. Алдағы уақыттарда елге электромобильдерді әкелуді жоспарлап отырмыз. Электромобильдер бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие көлік түрі. Сол себепті республикалық тас жолдарында орналасқан жанармай құю бекеттерінде электромобильдердің қуат көздері ашылатын болады. Бұл жобаға жергілікті инвесторлар тартылады. Біздің есеп бойынша 1200-ге жуық жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ бекеттердің сапасын тексеретін мобильді зертхана ашуды жоспарлап отырмыз», – дейді Дәулет Қалиханов.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




