Экономика
Елімізде бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2016
- 589
Елімізде бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда
Қазақстанда құрылған жанар-жағармай құю стансаларының республикалық желісі бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі беретін мобильді қосымша жасауда.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің басқарушы директоры Дәулет Калеханов мәлім етті.
«Бізде өте көп жобалар бар. Оның бірі - мобильді қосымша жасау. Талон, жеңілдік беретін карталар сияқты шешімдер өткеннің сарқыншағы болып қалады. Жүргізушілер ақшасыз есеп айырыса алады, ешқандай штрих-кодтар да қажет емес», - деді ол.
Компанияның коммерциялық директоры Сәби Сұлтанбеков атап өткеніндей, енді жүргізушілер талон мен жеңілдік карталарын өзімен тасып жүрмейтін болады, барлық ақпарат смартфонда сақталады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




