Астанаға кіру тек таңғы уақытта ақылы болуы мүмкін. Жұрт жұмысқа баратын сағат 7 мен 10-ның арасында елордаға кіруді 200 теңге ету туралы ұсыныс жасалып жатыр. «Астана LRT» ЖШС өкілдерінің айтуынша, жолды ақылы қылса, қаланың бас көшелеріндегі кептелісті азайтуға болады екен.
Осы тектес түйткілдердің алдын алу үшін электронды билет жүйесі енгізіліп жатыр. Қоғамдық кеңес тыңдалымына келген компания электронды карта сатып алатын аппараттарын жұрт назарына ұсынды. Сондай-ақ су жаңа автобустар, «скулбастар» бар. Айта кетерлігі, оқушыларды мектепке таситын бұл көліктер келесі жылы іске қосылмақшы. Сондай-ақ компания Астанаға кіруді 200 теңге ету керек деп отыр.
«Таңғы сағат 7 мен 10 аралығында Астанаға кіретін көлік көп. Кептеліс сұмдық, сондықтан осы уақытта қалаға кіру ақысын 200 теңге етіп қою керек. Көлігін кіреберіске тастап кеткен тұрғындарды қоғамдық көлікпен діттеген жеріне тегін жеткізу жағын да қарастыру қажет деген де деген ұсыныс бар», - дейді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан.
Таксимен жүретіндер үшін де жағымды жаңалық бар. Қазір елордада жұмыс істеп тұрған 8 такси компаниясы жеткіліксіз, сондықтан қосымша таксилер жіберілмек. Ал жұрт жиі шағымданатын елорда жолдарының 33 шақырымы биыл жөнделеді. Сондай-ақ Астанадағы 4 жолды бір бағытқа өзгерткен әкімдік тарапы бұдан едәуір ұттық деп отыр. 30 пайызға көлік жүктемесі азайды деген жауапты орган жақын арада тағы бірнеше көшені бір бағыттық етпекші.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді