Жаңалықтар
Күн сәулесінің қуатымен ұшатын ұшақ Жер шарын айналып өтті
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2016
- 271
Күн сәулесінің қуатымен ұшатын ұшақ Жер шарын айналып өтті
Solar Impulse 2 ұшағы алғашқы рет Жер шарын айналып өтіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне қонды, деп хабарлады жобаның ұйымдастырушылары. vz.ru-дың мәліметі бойынша, тек күн сәулесінің қуатын пайдаланатын Solar Impulse 2 ұшағы өз саяхатын 2015 жылғы 9 наурызда Әбу-Даби қаласынан бастады. Ол жолда Оман, Үндістан, Мьянма, Қытай, Жапония және АҚШ-тың бірнеше қаласына аялады.
Бұдан бұрын Solar Impulse ұшағының бірінші үлгісі 2011 жылдың жазында халықаралық және трансконтинентальдық әуе сапарларын жүзеге асырған болатын. Компания Жер шарын жанармайсыз айналып өтіп, сол арқылы, жаңартылмайтын қуат көздерінің баламасы бар екенін дәлелдеуді мақсат еткен. Алайда, аталған мақсатқа қол жеткізу үшін бұдан да жетілдірілген ұшақ қажет болды. Оны дайындау жұмыстары 2012 жылы басталды.
Solar Impulse 2 бір орындық ұшағы алғашқы «күнұшақтың» жетілдірілген үлгісі. Қанаттарының құлашы 72 метрді құрайтын бұл ұшақтың салмағы небәрі 2,3 тонна. Бұл – автокөліктің салмағымен пара-пар. Төрт электр қозғалтқышының жабдықтау қанатына жаңартылатын қуат көзі бар 17 мың күн батареясы орнатылған. Жылдамдығы ауа райына байланысты сағатына 50-ден 100 шақырымға дейін барады.
Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді