Ақтөбенің орталық көшелеріндегі 12 аялдамада ұялы телефон қуаттайтын қондырғылар орнатылмақ. Қазір Әлия Молдағұлова даңғылындағы бір аялдамада алғашқы қондырғы жұмыс істеп тұр. Қуат көзі орналасатын аялдамалар жаңадан тұрғызылды. Тұрғындарға қолайлы, толықтай жабдықталған бір аялдаманың құны 1 млн 600 мың теңге тұрады. «Әйнек қабырғалары жарық диодты шамдармен безендірілген аялдама қаланың ажарын да аша түседі», - дейді жергілікті билік өкілдері. Демеушілер қаржысына тағы 20 аялдаманы жаңғырту да жоспарда бар. Бірақ, оларда телефон қуаттайтын қондырғылар болмайды. Жанат Қуанышева, ТКШ бөлімінің бас маманы: - Аялдамалар қаланың 6 орталық көшесінде орналасатын болады. Әзірге 12 аялдама тұрғызамыз, оған 19 млн теңге бөлінді. Есет батыр көшесі, Әлия Молдағұлова даңғылы, Әбілхайыр хан даңғылы сияқты адам аяғы көп жүретін көшелер. Бір аялдаманың құны – 1 млн 600 мың теңге, бірақ, аялдама алдына жол төселмейтін болса, бағасы 1 млн теңге болады.
Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




