Қазақстан инвестицияны Эфиопияға не үшін салып жатыр?
Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-саттық байланыстарының орнағанына көп болған жоқ. Биыл алтыншы жыл екен. Екі жақты сауда-саттықтың көлемі де үлкен емес. Өткен жылы аталған көрсеткіш 73,1 мың долларды құрады. Соның басым бөлігі – импорт, яғни біз, көп жағдайда, Эфиопияның тауарларын тасымалдаймыз. Оған қоса, Қазақстан осы елге гуманитарлық көмек көрсетіп, эфиоп жастарына білім беруді көздейді. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Эфиопия республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлік Әли Африка құрылығындағы дәл осы мемлекетке инвестиция салудың негізгі себебін түсіндіріп берді. Елші қазақ тілінде қойылған сұрақтарға жауап бере алмады. Алайда біз оның ресми тілде айтқан сөздерін жеткізуге тырыстық, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бүгінде Африкаға инфрақұрылымық жобалар қажет. Ондай жобалар ақталады. Оның пайдасы бірнеше есеге көп болады. Енді, бұл - тек инвестиция салу ғана емес, инфрақұрылымдық жобалар арқылы аталған елдердің табиғи ресурстарына қол жеткізудің бірден-бір жолы. Ал ол жерде ондай байлық баршылық. Бүгінде АҚШ, Қытай сияқты державалар табиғи ресурстарға жетуге тырысып жатыр. Себебі соның барлығы – энергия көздері. Африкада ондай байлық көп. Сондықтан олар сол жерге инвестицияны аямай салып жатыр. Негізі, жыл сайын Африка құрылығы 50-55 млрд. доллар көлеміндегі инвестицияларды қажет етіп отырады. Ондай ақша салынады да. Алайда тура сондай ақша сан алуан арналар арқылы АҚШ пен Еуропаның қаржы институттарына барып құйылады», - дейді Е.Әли.Оның айтуынша, бүгінде Эфиопиядан Қазақстанға гүл мен кофе өнімдері тасымалданады. Болашақта қазақстандық астықты сол елге жеткізу көзделген. Алайда ол үшін астықты тасымалдау жолын анықтап алу қажет.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді