Осыдан екі ай бұрын оқырмандарға «Тараз қаласында таунхаустар құрылысы басталатын болды» деп қуана хабарлаған болатынбыз. Он тоғызыншы ғасырда Ұлыбритания елінде дүниеге келген, қазақша «қалалық үйлер» деп аталатын аталмыш баспаналардың өркениетті елдерде әлі де сәннен қалмағанын да жеткізгенбіз.
«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынатын сол құрылыс, міне, екі ай өтсе де әлі басталған жоқ. Тараз таунхаустарын қолға алмақ болған «Там Құрылыс» ЖШС-ы да «бәлен жерге қазық қағып, түген жерге үйлердің іргетасын қалай бастадық» деген жағымды жаңалық тарқатар емес. Сонда игілікті іске не кедергі болып тұр? Құрылыс алаңына лайық жер табылмай жатыр ма, әлде қаржы мәселесі қолбайлау болып отыр ма? Құрылыс жұмысының жедел басталып кетуіне мүдделі облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, сәулет және қала құрылысы басқармасы және Тараз қаласының әкімдігі бұған не дейді? «Туған ай - тураған ет». Міне, көктем айы қош-қошын айтуға жақын. Әні-міне дегенше жаз да өте шығады. Ар жағы «қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай». Сол кезде өңірдегі жыл жаңалығына лайық нысандарды санай бастаған жұртқа не дейміз?
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Тұрғын үй бағасы тиімді ме?
- 12 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді