Өткен аптада Астанадағы Тәуелсіздік сарайында адамзат алдында тұрған экономикалық қаржылық проблемаларды үш күн бойы талқылаған VII Астана экономикалық форумы өтті. Оның соңғы күні форум жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, әлемнің 150-ге тарта елінен келген көрнекті саясаткерлер, танымал ғалымдар, аузы дуалы сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері, Нобель сыйлығының 9 лауреаты алдында сөз сөйледі.
– Біздің бұл форум аймақтық пікіралысу алаңынан халықаралық экономикалық өмірдің маңызды оқиғасына айналды. 2013 жылы қыркүйектегі «Үлкен жиырмалықтың» саммитіне Қазақстанның қатысуы шеңберінде форумның ұсыныстары мен идеялары таныстырылды. 4 миллионнан астам пайдаланушыны біріктіріп отырған G-GLOBAL жаһандық үнқатысуы бойынша виртуальды алаң ойдағыдай жұмыс істеуде. Әлемнің 150 мемлекетінен 10 мыңнан астам қатысушыны біріктірген біздің форумның ауқымы аса зор. Астана форумы шеңберінде БҰҰ-ның қолдауымен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы екінші конференция өтті. Форумның күн тәртібі өте мазмұнды, --- деді Елбасы. Одан әрі Мемлекет басшысы әлемдегі ахуалдың күрделі болып отырғандығына кеңінен тоқталып, әр тақырып бойынша құнды ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Елбасы сөзінен кейін пленарлық отырысқа модераторлық еткен Болгария Республикасының бұрынғы президенті Петр Стоянов маңызды тақырыптағы терең әңгімесі үшін Қазақстан басшысына отырысқа қатысушылар атынан алғысын білдірді. Бұдан соң Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разак сөйледі, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның осы форумға арнайы жолдаған бейнесәлемі назарға ұсынылды. БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесінің президенті Мартин Сайдик, 2006 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, «Grameen Bahk» банкінің негізін қалаушы «Юнус» орталығының төрағасы Мухаммад Юнус тәрізді әлем экономикасының алпауыттары сөз алды. Соңынан сұрақ-жауап түрінде өзара құнды пікірталас өріс алды. Мемлекет басшысы Астана экономикалық форумына және Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференцияға қатысқан Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті. Әңгімелесу барысында әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуға қатысты бірқатар проблемалар, сондай-ақ, жаһандану жағдайындағы Қазақстанның даму мәселелері талқыланды.
«Ақ жол -Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді