Таразда қоғамдық көліктердегі жеңілдікті алып тастайды
Таразда қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлері, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылар және оның жесірлері мен көп балалы аналарға арналған жеңілдіктер жойылды, енді олар да қала автобустарымен жүру үшін билет сатып алуы қажет.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жаксылық Сапаралиев, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Гаухар Олжабаева және қалалық ТКШ бөлімі басшысы Қадырбек Деметбаев айтты.
Спикерлердің айтуынша, Тараз қаласында қоғамдық көлікте қатынау бағасы 2015 жылдың наурыз айынан бері өзгермеген. Яғни, Қазақстан бойынша ең төменгі баға - 55 теңге, студенттер үшін - 50 теңге, оқушылар үшін - 25 теңге сақталып тұр.
«Наурыз айында әкімдікке қоғамдық көлік қызметімен айналысатын кәсіпкерлерден тариф бағасын қайта қарау, жеңілдіктерді алып тастау туралы хат түсті», - деді Қ.Деметбаев.
Бұл хатта көрсетілген дәйектерді анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бір айға жуық жүргізілген зерттеуден кейін жұмыс қорытындысы экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жіберілді.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж.Сапаралиев бұл жұмыстар тарифті көтеру үшін жүргізілмегенін атап айтты.
«Зерттеу жұмыстарынан кейін қоғамдық көлікте жүру құны 65 теңге болу қажеттігі анықталды. Алайда, қоғамдық көлікпен қажет деңгейде қамтамасыз ету және автобустардың техникалық қажеттіліктерін толықтыру үшін барлық жеңілдіктерді тоқтатып, қазіргі жол жүру құны - 55 теңге өзгеріссіз қалдырылды. Оқушылар үшін жеңілдік -25 теңге сақталады»,- деді ол.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




