Мәдениет
16 жастағы қазақстандық жігіт Таиландта өткен сән байқауында 1-орын алды
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2016
- 860
16 жастағы қазақстандық жігіт Таиландта өткен сән байқауында 1-орын алды
16 жастағы Сүлеймен Сұлтанов Таиландта өткен Mister Teen International 2016 байқауында 1-орын иеленді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
Сонымен қатар, ол дарындылар байқауында өзінің домбыра тартудағы өнерін де көрсетті. Бұл байқауға ол "Қазақстанның жас мырзасы-2016" жүлдесін иеленген соң қатысып отыр екен.
"Мен көп тырыстым және бұл бекер емес. Бұл Таиландта өткен ең тамаша күндер болды. Әрине, байқау халықаралық деңгейде өткізіліп жатқандықтан қиын болды. Барлық қатысушы мықты, әрқайсысының қымбат ұлттық киімдері бар. Барлығы жақсы ән айта алады, билей алады. Осылайша 56 елдің қатысуымен өткен байқауда жеңіске жеттік", - деді Сүлеймен Сұлтанов.
Айта кетейік, Junior Mister International 2016 ("Кішкентай мырза") номинациясындағы 1-орынды қазақстандық Алмаз Қадыров иеленді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




