Қытай бизнесі Жамбыл өңіріндегі 300 миллион доллардан асатын жобаларға қатысуға ниетті
«Жібек жолы» халықаралық жәрмеңкесінің аясында Жамбыл облысының және ҚХР Шэнси провинциясының өкілдері көлемі 300 млн. доллардан асатын (50 млрд. теңге) жобаларды жүзеге асыруға байланысты бірқатар құжаттарға қол қойды.
Енді Жамбыл облысы әкімдігі мен Шэньси провинциясының халықтық үкіметі арасында ауыл шаруашылығы, медициналық, туристік және басқа да салалардағы ынтымақтастық одан әрі дамитын болады. Оның басты құжаты өзара іс-қимыл туралы меморандум. Сондай-ақ, қытайлық компанияның тараздық ЖЭО-4 қайта жаңғыртуға (инвестиция көлемі - 193,8 млн. доллар немесе 30 млрд. теңге), Жамбыл облысындағы күн электр стансасының қуатын 1,5-тен 7 МВт-ға кеңейту (13 млн. доллар), шығарылған өнімдердің ЕУРО-4 стандарттарына сәйкес келуі үшін жаңа жабдықтар мен технологияларды енгізіп, қолданыстағы газды қайта өңдейтін зауытты жаңғырту (54 млн. доллар) және жел электр стансасын 1,5 МВт-дан 21 МВт-ға дейін ұлғайтуға қатысуға ниеті туралы меморандум жасалды. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев «бүгінгі қол қойылған меморандумдар бойынша жобалардың жалпы құны 50 млрд. теңгеден асып түсетінін» хабарлады. Ол Шэнси провинциясы Қытайдың жетекші ауыл шаруашылығы өңірі (әлемдегі алманың 10 пайызы осы жерде өсіріледі) болып табылатынын атап өтті. «Біз олармен осы салада бірлесіп жұмыс істемекпіз. Ежелгі Сианьда екі мыңжылдық тарихы бар Тараз арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы басталған. Сондықтан біздің бауырлас қалалар мен өңірлер арасында туристік саланы дамытпақ ойымыз бар. «ЭКСПО-2017»-ге біз Тараздың ежелгі тарихымен таныстыру үшін қытайлық туристерді молынан тартуға ниеттіміз», – деді К. Көкірекбаев. Тараз қаласы мен ҚХР Шэньси провинциясындағы Сиань туыстас қалалар болып табылады. Жамбыл облысының делегациясымен 40-тан астам адам келді: әкімдік қызметкерлері, бизнесмендер, ЖОО ректорлары. Олар Шэньсилік ЖОО-лардың тыныс-тіршілігімен танысады. Еске сала кетейік, Сиань қаласында 18-ші сауда-инвестициялық көрмесі мен «Жібек жолы» жәрмеңкесі өтуде. Оған Қытайдың барлық провинциясынан, автономиялық өлкелерінен, орталық бағыныстағы қалаларынан 674 делегация және 77 ел қатысуда. Сиань.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді