- Advertisement -

Малайзия миллиондары

98

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен кездесті. Екі жақты кездесуден кейін Мемлекет басшылары бірлескен брифинг өткізіп, онда Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік саясаттағы түрлі жағдайлар жөнінен екі елдің ұстанымдары бірдей екенін еске салып, Малайзиямен бұдан былай да ынтымақтастық дами беретінін атап көрсетті. «Сапар аясында бизнестік құрылымдар арасында жалпы мөлшері 1,1 миллиард доллардан асатын үш келісімшартқа қол қойылды, соның ішінде екеуі Маңғыстау, біреуі Жамбыл облысындағы жобалар бойынша жүзеге аспақ» деді Елбасы.

Жағымды жаңалықты естісімен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Оспан Бердияровпен хабарластық.
– Малайзиядан облысқа тартылатын инвестиция көлемі – 350 миллион доллар. Бұл қаржы агросаланы қолдауға бағытталып отыр. 50 мың бас мүйізді ірі қара малы алынады, оның 20 мыңы Шу ауданына, қалған 30 мың бас «Батыс Еуропа-Батыс-Қытай» халықаралық жолының бойынан ашылатын шағын фермаларға беріледі, – деді.

Амангелді ӘБІЛ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support