«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ОҚО-дағы мақтааралдықтар бау-бақшадан рекордтық көрсеткіште өнім алып жатыр

ОҚО-дағы мақтааралдықтар бау-бақшадан рекордтық көрсеткіште өнім алып жатыр
ашық дереккөз
ОҚО-дағы мақтааралдықтар бау-бақшадан рекордтық көрсеткіште өнім алып жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының диқандары бау-бақшадан бұрын-соңды болмаған мол өнім алып жатыр, - деп жазады 24.kz.
ОҚО-дағы мақтааралдықтар бау-бақшадан рекордтық көрсеткіште өнім алып жатыр
Шаруалар күні бүгінге дейін 126 мың тоннадан астам қарбыз бен қауын жинаған. Одан 7,8 млрд теңге табыс тауыпты. Мырзашөлдік диқандар өнімнің көп бөлігін Ресей мен Беларусь елдерінің нарығына экспорттаған. «Қара күзге дейін алқаптағы екінші рет егілген қауын-қарбыз да пісіп қалады», - дейді олар. Дәмі тіл үйіретін қауынның алғашқы піскенін өз қолымен жұлған диқанның көңілі тоқ. Өйткені көктем қолайлы болып, ерте қимылдаған шаруа мол өнімін алып жатыр. Намазбай бұған дейін 10 гектарға егілген қарбызынан 500 тонна өнім алған. Оны Ресей нарығына жіберіпті. Енді Мырзашөл қауынын ішкі және сыртқы нарыққа жөнелтіп жатыр. Намазбай Куватов, диқан: - Ресейден сұраныс болды. Вагондап жібердік. Ол жақта делдалымыз бар. Тапсырыс болады, соған қарай жіберіп жатырмыз. Жылда істеп жүрген тірлігіміз осы. Әдетте мақта өсірумен ғана айналысатын мақтааралдық шаруалар соңғы жылдары бау-бақша өнімдеріне көптеп ден қоя бастады. «Өйткені жылына екі рет өнім алуға болады, оған қоса пайдасы да ақ алтыннан кем емес», - дейді диқандар. Ал, биыл шаруалар үшін тіпті қолайлы болды. Ақпанның соңында жер жыртылып, наурызда алғашқы дән себілді. Диқандар жалпы соңғы жылдары Жер-ана мұндай өнім бермегенін айтады. Жамантай Бейсенбаев, Мақтаарал ауданының әкімі: - Мақтаарал ауданы бойынша бүгінгі таңда 23 мың гектар жерге бау-бақша егілген. 91,500 тоннасын Беларусь, Ресейге жібердік. Өндірген өнімнің құны 4,8 млрд болатын өнімді шетелге жібердік. Шымкент, Алматы, Астана, солтүстік аудандарды қамтыдық. Бұл жерлерге 2,8 млрд теңгенің өнімін жібердік. Шаруалар ерте көктемде 1,5 мың гектарға егілген қырыққабатты сатып үлгерген. Ол жерлерге қайта егілген бақша өнімдері қара күзде піседі. Қауын-қарбыз алқаптан тікелей сұрыпталып артылады. Оны нарыққа түспей тұрып арнайы санитар мамандар тексеруден өткізеді. Облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары биыл бақша өнімдерінен уланып түсу жағдайы тіркелмегенін айтып отыр. Жұмағали Музафаров, облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті техникалық реттеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы: - Бізге нитраттан улану жөніндегі шұғыл хабарлама келіп түскен жоқ. Бұл бойынша тіпті шағым да жоқ. Қауында рұқсат етілген нитрат көрсеткіші 90 болса, қазір 87-85-ке дейін төмен келіп жатыр. Тіпті 40-ты да көрсеткендері бар. Ал, басқа көкөністер, мысалы, пияз, болгар бұрышы және тағы басқаларында көрсеткіш өте төмен. Диқандардың алды қауын-қарбыздың әр гектарынан 15-20 тоннадан өнім алған. Биыл облыс бойынша 1 млрд 500 мың тонна бау-бақша өнімдерін жинау жоспарланып отыр. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Осылайша жылдағымен салыстырғанда еселеп өнім алып жатқан шаруалар ала жаздайғы еңбектерінің ақталғанына қуанышты.
Ақпарат көзі: Zhambyl.news

Ұқсас жаңалықтар