«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Маңғыстау өңірінде емдік туризм жандана түспек

Маңғыстау өңірінде емдік туризм жандана түспек
ашық дереккөз
Маңғыстау өңірінде емдік туризм жандана түспек
Ақтауда Каспий жағалауына Қазақстандағы ең ірі шипажай-қонақүй кешені салынып жатыр, - деп жазады 24.kz. 2018 жылдан бастап еліміздің тұрғындары мен қонақтары теңіз жағасында ем қабылдап, төрт жұлдызды қонақжайда демала алады.
Маңғыстау өңірінде емдік туризм жандана түспек
Мұнда тек емдік шаралар ғана емес, косметологиялық қызмет түрлері де көрсетілмек. Сондай-ақ, ересектермен қатар балаларға да жағдай жасалады. Атыраулық Меньшиковтардың отбасы демалу үшін Каспий жағалауына турист ретінде алғаш рет келген. Ұзақ жылдар бойы демалысын шетелде өткізіп келген қонақтар отандық туризм саласындағы қызмет түрлеріне көңілдері толатындарын айтты.  Татьяна Меньшикова, турист: - Жап-жақсы қызмет көрсетіліп жатыр. Мен туризмді дамытып, отбасылық демалысты дәл осы Каспий жағалауында өткізушілерді қолдаймын. Келешекте бұл теңіз аймағы бұдан жақсара түседі деген ойдамын. Отандық туризмді қолдауға шақырамын.  Каспий жағалауындағы қонақүй кешені 10 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеді. Бастапқыда бұл жер суға түсуге арналған жағажай болатын. Ал оны кеңейтуге келгенде түркиялық сарапшылар 5 гектар жерді игерудің тұжырымдамасын жасаған. Қазір мұнда қонақүй, мейманхана тұрғызылып қойған. Кешен заманауи үлгіде әрі талғамға сай етіп салынуда. Емдік шаралар және косметологиялық қызмет көрсететін 400 адамға есептелген жоба 2018 жылы аяқталады. Бұған мемлекет қолдау көрсетіп отыр. «Даму» қоры арқылы 650 млн теңге бөлінген. Бұл 2 кезеңде жүзеге асырылмақ. Әсел Әбдікәрімова, туристік кешеннің коммерциялық директоры: - Ішкі туризм жалпы өңір үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Оны жүзеге асыруға мемлекет қолдау көрсетіп отыр. Маңғыстау облысындағы туризмнің келешегі зор. Кәсіп өз шығынын бірден ақтап кетпесе де түбі ақтайды. Кешенге жергілікті тұрғындардан сұраныс көп. Қазақстанның өзге өңірлері мен жақын шетелдерден де келушілер бар. Қазір қонақүйдің бәрі бос емес, орын жоқ. Келушілерді қабылдай алмай отырмыз. Әсел Әбдікәрімова туризм саласындағы кәсіпте 10 жыл тәжірибесі бар. Оның айтуынша, Маңғыстау өңірінде туризм маусымға тәуелді емес. Мұнда жыл он екі ай бойы демалуға болады. Теңіз жағалауында, этнотуризмге де жол ашық. 5 қабатты шипажай құрылысы аяқталған соң, емдік туризм де жандана түспек. 200 адам жұмысқа тартылады деп күтілуде.
Ақпарат көзі: Zhambyl.news

Ұқсас жаңалықтар