2 жыл бойы Қызыл планетаны зерттеп жүрген Curiosity Марста жүру аппараты Жерге бірегей фотосуреттерді жіберуін тоқтатқан емес. Ол бұл жолы басына крест орнатылған қабір тапты, деп жазады utro.ru.
Бұл суретті мұқият зерттеп қана қоймай, ол жайлы видео жасап шыққан «Truthseeker» деген никті желі пайдаланушысының пікірінше, Марста байқалған діни символ ағаштан жасалған крест. Ал шағын плита белгі тасқа ұқсайды. «Бұл қабірдегі өлген адамның есімі жазылатын белгі тасқа ұқсайды. Бұл NASA жариялаған суреттердің ішінде кресті байқауға болатын Марста түсірілген суреттердің алғашқысы емес», – деген желі пайдаланушысының сөзін cryptozoologynews.com жазды. Еске сала кетейік, сәуір айының басында Curiosity жерге жіберген суреттерінде ашық түсті жолақ болған. Ғалымдар мұны Марс жартасындағы күн сәулесінің шағылысуынан пайда болды деп түсіндірген. Алайда ерекше құбылыстарға әуес жандар бұл жарық Марстағы өмірдің бар екенін айғақтайды деп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




