Жер сілкінісінен 300 мыңнан астам адам зардап шекті
- author «Ақ жол»
- 27 мамыр, 2014
- 973
Қытайдың Инцзян уезіндегі зілзала салдарынан 300 мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Синьхуа.
«Сенбіде сағат 4.49-да күші 5,6 балдық жер сілкінісі болды. 19.40 кезіндегі жағдай бойынша одан 311 мың адам зардап шеккен. Сонымен бірге, өңірлік инфрақұрылымның бөлек нысандарына да шығын келтірілді», – делінген хабарламада. Құтқару жұмыстары бойынша штабтың алдын ала мәліметтеріне қарағанда, 13 адам жарақат алған. 4312 отбасыға тиесілі тұрғын үйлер қираған немесе залал келтірілген. Инцзян уезі әкімшілігінің басшысы Вэй Ганның айтуынша, жер сілкінісінен жергілікті инфрақұрылымға, оның ішінде энергетикалық, көліктік нысандарға едәуір шығын келіп отыр. Қазіргі кезде аталған жердің аумағында 3 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істеуде. 10,1 мың адам шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




