Американың Мэн штатының 99 жастағы тұрғыны колледжді 75 жылдан кейін аяқтады, деп хабарлады Associated Press. Оның оқу орнын уақытында бітіріп шығуына 1939 жылы 5 доллар баж салығын төлемеуі кедергі болған.
Джесси Уайт Бангоре қаласындағы Бил колледжінде білім алғаны жөніндегі құжатты алу шарасына қатысты. Егде жастағы түлек – стенография және есеп жүргізу бойынша дәреже алды. Уайт ханым полиомиелитпен ауырады. Соған қарамастан ұзақ жылдар бойы есеп жүргізуші болып қызмет еткен. Оның баж салығы жайлы естіген досы оны төлеп, аталған шараны ұйымдастыруға көмектескен. Диплом алған әйелдің сөзіне қарағанда, оның қуанышында шек жоқ. «Ешқашан оқуды тоқтатпаңдар. Білім алуды тоқтатқанда, адам қартаяды деген сөз бар. Сол себепті мен оқуды тоқтатпаймын», - дейді бітіруші түлек.
Ұқсас жаңалықтар
17 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды
- 8 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




