Болашақта 100 мың автокөлікке дейін экспортталмақ
Еліміз 2020 жылға қарай жылына 100 мың автокөлік экспорттауды көздеп отыр.
«2020 жылға қарай Қазақстан 100 мың автокөлікті экспорттауды жоспарлап отыр. Мұндай нәтижеге Еуразиялық экономикалық одақ құрудың арқасында қол жеткізуге болады», - деп көрсетілген Қазақстанның автобизнес қауымдастығының баспасөз хабарламасында. 2008-2013 жылдар аралығында ҚР-да автокөлік өндірісі 11,5 есе өскен, ақшалай алғанда 156,5 млрд. теңгені құрайды. 2013 жылы Шығыс Қазақстан мен Қостанай облысында 38 мың жеңіл автокөлік құрастырылған. Семейде Daewoo Bus және Алматы облысында «Hyundai Auto Trans» 1000-ға жуық автобус жасап шығарған. Барлық кәсіпорындардың айналымы 1 млрд. долларға жетті. Елде барлық сатылған машиналардың 22 пайызы жасалып, жүзеге асырылды. Қауымдастық президенті Андрей Лаврентьевтің пікірінше, ішкі нарық алдағы жылдары жылына 6 млрд доллар сомасында 300 мың жаңа автокөліктің сатылымына жетуі мүмкін. Бұл автокөліктердің 40 пайызын отандық кәсіпорындар өндіреді.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




