Басты жаңалық
Жапониялық компания ең соңғы видеомагнитофонды шығарады
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2016
- 836
Жапониялық компания ең соңғы видеомагнитофонды шығарады
Шілде айының аяғында Жапонияда VHS форматындағы соңғы видеомагнитофон шығады, деп хабарлайды Би-би-си.
«Funai Electric» компаниясы 33 жылдан бері видеомагнитофон шығаруымен айналысқан. Алайда, заманында жылына 15 миллион тауар сататын компания өткен жылы тек 750 мың ғана видеомагнитофон сата алған.
Оның үстіне, тауар өндіру үшін қосалқы бөлшектерді табу да жылдан-жылға қиындай түсті.
Видеомагнитофондар нарықта 1970 жылдары пайда болды, кейінірек оны DVD технологиясы ығыстырып жіберді.
«Panasonic» 2012 жылы видеомагнитофон өндіруді тоқтатты, ал «Sony» өткен жылға дейін VHS-тің бәсекелесі «Betamax» кассеталарын сатып келді.
«VHS» сапасы сын көтермейді, енді оған оралу екіталай», - деді Таня Леффлер, «IHS Technology» компаниясының сарапшысы.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




