Жайылым тар, бақташы жоқ
«Ақ жол» газетінің 29 сәуір күнгі санында жарияланған тілші Амангелді Әбілдің «Сиыр көп, сүт аз.Неге?» атты мақаласы бізге де ой салды.
Қордай ауданы облыс көлеміндегі аудандардың көш бастаушысы десек қателеспейміз. Ауданда көптеген өндірістік орындары бар. Солардың бірі – тілші сөз еткен Ауқатты ауылындағы «Үміт Қордай» ірімшік, сыр, май, айран өнімдерін шығаратын ірі зауыт. Осы зауытқа «Трудовик» колхозы болған кезеңде 9 ауылдық мекендерден, көрші Қырғыз елінен 60-70 тоннаға дейін сүт толассыз тасымалданатын. Ал, бүгінгі күні сиыр бар, сүт жоқ. Бізде жайылым тар, бақташы жоқ. Көрші Қарасу, Өтеген, Ауқатты, Қаракемер және Масаншы ауылдарында мүйізді ірі қара қысы-жазы жайылымда болады.
Бұл ауылдар Шу өзеніне жақын орналасқан. Тау бөктеріндегі үш ауылда жайылым жеткіліксіз. Себебі, малды көп ұстаған ағайындар 100-ден 300 гектарға дейін жерді көп жылға жалға алғандықтан аздаған мал ұстағандарды өрістің маңына жолатпайды. Амалы таусылған бірлі-жарымды сүт үшін сиыр малын ұстағандар жердің тарлығынан әрі бақташы шықпағандықтан, бірлі-екілі бұзаулы сиырларын бала-шағасын сүттен қағып, жекеше мал баққандарға бір айлық бұзауымен айына 1500 теңге төлеп, бақтыруда. Өздері жасанды құрғақ сүтке көшкен. Осындай себептермен сиыр малынан күдер үзген жерлестеріміз зауыт емес, өз отбасын ақтан қағып, сиыр ұстаудан қалып барады.
Рақымбай Молдашұлы, зейнеткер.
Қызылсай ауылы, Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді